Қазақстанның Олимпиада құрамасы Нанкинде 8 медаль алды (ФОТО)

12 Қыркүйек, 2014 18:01
Қазақстанның Олимпиада құрамы Нанкиндегі байрақты бәсекеде спорттың 5 түрі бойынша жалпы саны 8 медальға қол жеткізді, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қазақстанның спорт делегациясы құрамында 91 кісі бар. Соның 51-і спорттың 21 түрі бойынша өнер көрсетеді. Спортышыларымыз 2014 жылдың 16-28 тамызы аралығында Нанкинде (Қытай) өткен 2-інші жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысты. Жалпы жарысқа әлемнің 204 елінен 14-18 жас аралығындағы 3800 спортшы қатысты.

«Қазақстан құрамасы әлемдік көшбасшыларға бәсекелес бола алатындарын кезекті рет дәлелдеп, 8 медальға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, Қазақстанның Олимпиада құрамы 3 алтын, 1 күміс пен 4 қоланы иеленді. Осылайша Қазақстан құрамы белгіленген межеге жетіп, бейресми деректер бойынша 21 орын ілгері көтерілген», - дейді.

Айта кету керек, республиканың 15 өңірінің спортшылары аталмыш бәсекеге жолдама алған. Атап айтар болсақ, соның ішінде Алматы облысы 8 лицензия, Алматы қаласы 7 лицензия, Астана қаласы мен Оңтүстік Қазақстан облысына 6 лицензия, Қарағанды облысына 5 лицензия берілген.

Индира Қауметова

Суретке түсірген Азамат Алиев

Барлық жаңалықтар