- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президенті ШЫҰ Үйлестіру кеңесін құруды ұсынды
Қазақстан Президенті ШЫҰ Үйлестіру кеңесін құруды ұсынды
«Отырыста сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдау ұйымды бұдан әрі күшейтудің айқын бағдарлары мен перспективаларын айқындап беретінін айтты. Атап айтқанда, ШЫҰ-ға мүше-мемлекет мәртебесін беру тәртібін және Өтініш беруші мемлекеттің міндеттемелері туралы меморандумды бекіткен жөн», - делінген хабарламада.
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты Қазақстан Президенті ШЫҰ аясындағы маңызды басымдық ретінде атай отырып, Шекара мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы келісімге тезірек қол қою ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы шекаралар аумағында сенім шараларын нығайтуға септігін тигізетінін айтты.
Мемлекет басшысы Терроризмге қарсы өңірлік құрылым қызметін одан әрі жетілдіру үшін Астананың күш-жігер жұмылдыруға әзір екенін де атап өтті. Бұл үдеріс жан-жақты ойластырылуға және барлық тараптың мүддесі ескерілуге тиіс.
Сонымен бірге Қазақстан Президенті ШЫҰ Энергетикалық клубы жұмысының маңыздылығына да тоқталды.
«Қазақстан Клубтың алғашқы төрағасы ретінде Жоғары деңгейдегі топ отырысын ұйымдастырды. Біз тараптарды биылғы қарашада Астанада өтетін «Жаңғыртылатын энергияны пайдалану және дамыту келешегі» атты конференцияға белсене қатысады деп үміттенеміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ Іскерлік кеңесі мен ШЫҰ Банкаралық бірлестігі жұмысын жандандыру қажеттігіне де назар аударды.
Мемлекет басшысы ұлттық үйлестірушілердің байқаушы-мемлекеттердің өкілдерімен кездесу тетігін ШЫҰ Үйлестіруші кеңесіне айналдыруды ұсына отырып, ШЫҰ бойынша диалог серіктестері мен байқаушы-мемлекеттердің өзара ықпалдастығын тереңдетуге назар аударды.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстанда тұрақтылықты қамтамасыз ету және ішкі сындарлы диалогты қалыптастыру кезек күттірмейтін міндеттердің қатарында тұрғанын айтты. Бұл ретте осы елдің экономикасын қалпына келтіруге атсалысу басымдыққа ие болып қала бермек.
Қазақстан Президенті Иран мен «алтылық» елдері иранның ядролық бағдарламасы бойынша жалпыға бірдей әрі ұзақмерзімді келісімге 2014 жылдың қарашасына дейін қол жеткізеді деп үміттенетінін жеткізді.
Мемлекет басшысы Украинадағы ахуалды бейбіт реттеудің маңыздылығын айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы