• Басты
  • 13 өңірде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді
23 Маусым, 2020 09:25

13 өңірде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

Елімізде коронавирус жұқтырған азаматтар санының күрт артуына байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі қайта қысқарды. Бұл туралы Strategy2050.kz Орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

13 өңірде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді

Бас санитарлық дәрігерлердің шешімі бойынша еліміздің 13 аймағында - Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі қысқартылды. Ал Шығыс Қазақстан облысында ХҚКО-ның жұмыс уақытына өзгеріс тек Семей қаласы бойынша енгізілді.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офис қызметкерлері банк операторлары, дәрігерлер мен полицейлер секілді азаматтармен тікелей байланыста жұмыс жасап жатыр. Бөлімдерде санитарлық-эпидемиологиялық, әлеуметтік қашықтық және бетперде режимдері қатаң сақталған. Алайда, қызмет алушылар өздерін жайсыз сезініп немесе сырқат белгілерін байқаса ХҚКО-ға барудан бас тартуға кеңес береміз.

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында автокөлік иелерін мамандандырылған ХҚКО-ға бармай-ақ, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырамыз. Бүгінде автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін ауыстыру онлайн режимде қолжетімді.

Айта кетсек, ХҚКО жұмыс істеу кестесін мына сілтемеден көруге болады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды