Мәжілісте палатаның жалпы отырысының күн тәртібі анықталды

12 Қыркүйек, 2014 16:49
Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, Палатаның жалпы отырысының күн тәртібі нақтыланды.

«Ол бойынша депутаттар рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы қазақстандық – швейцариялық келісімді, сондай-ақ,  Түркі Академиясын құру туралы Келісімді ратификациялау мәселелерін қарастырады», - деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

 Сонымен бірге, бейінді комитеттерге  бірқатар жаңа заң жобалары, атап айтатын болсақ, 1999 жылғы 2 ақпандағы тауарларды (жұмыстарды) экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы қазақстандық-белорустық үкіметаралық хаттаманы ратификациялау туралы» және «Өсімдіктер карантині туралы»  құжаттарға қатысты қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау ұсынылады.   

Барлық жаңалықтар