Қарағанды облысында мүлікті заңдастыру үшін 65 өтініш қабылданды

12 Қыркүйек, 2014 18:31
2014 жылдың 11 қыркүйегіне дейін Қарағанды облысы аумағында тіркелген жылжымайтын мүлікті заңдастыруға азаматтардан 65 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Республика аумағында тіркелген мүлікті заңдастыруға азаматтардан өтініш қабылдау үшін бүгінгі таңда облыс өңірлерінде құжаттарды қабылдайтын 21 пункт ашылып, оны қарастыратын 18 комиссия құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Қазақстанда мүлік пен капиталды заңдастыру науқаны басталды. Заңдастыруды өткізу идеясын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың 11 сәуіріндегі Ұлттық инвесторлар кеңесінде айтқан болатын.

Барлық жаңалықтар