• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық инвесторларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі - депутат (Видео)

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық инвесторларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіледі - депутат (Видео)

12 Қыркүйек, 2014 16:18
Жыл сайынғы дәстүр бойынша 2 қыркүйек күні Елбасы Қазақстан Республикасы Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында депутаттарға қандай заңдарды бірінші кезекте қабылдау керектігін айтты, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Асхат Күзеков strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.

«Өткен сессияның аяғында инвестиция жөніндегі заңды қабылдадық. Онда бізге шетелден келетін инвесторларға көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Бұдан былай, инвесторлар мен жергілікті органдар бітімге келмей жатқан жағдайда, екі жақты қатынастарды реттейтін мақұлдау соты құрылады», - деді жоғарғы палата депутаты.

Оның айтуынша, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 20 млн доллардан астам инвестиция құятын инвесторларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуді қабылдау керектігі тапсырылды.

«Ал,  2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елге келетін барлық инвесторларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша  қызмет көрсету қолға алынады», - деді сенатор.

Бауыржан Мұқанов 

Барлық жаңалықтар