• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау үшін 4,4 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе облысында асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау үшін 4,4 млрд теңге бөлінді

12 Қыркүйек, 2014 13:25
Ақтөбе облысында асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау үшін 4,4 млрд теңге бөлінді, деп ОКҚ брифингінде Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

«Мал шаруашылығы өнімдерінің көрсеткіштері жақсаруда, малдың барлық түрінің басы өсуде, оның ішінде ірі қара 2,5%-ға, қой мен ешкі 1,6%-ға, жылқы 7,4%-ға, түйе 6,2%-ға өсті», - деді ол.

Ол атап өткендей, 63,0 мың тонна ет, 187,5 мың тонна сүт өндірілді, бұл 2013 жылдың көрсеткіштерінен тиісінше 6,4% және 0,6% -ға жоғары.

««Алтын Асық» және «Құлан» бағдарламалары аясында 20,0 мың қой және 400 жылқы сатып алу жоспарлануда», - деді ол.  

Барлық жаңалықтар