- Басты
- Жаңалықтар
- Үкіметте ЭКСПО-2017 дайындығына бизнесті тарту мәселелері қаралды
Үкіметте ЭКСПО-2017 дайындығына бизнесті тарту мәселелері қаралды
12 Қыркүйек, 2014 15:47
Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу кезінде бизнесті тарту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми порталы.
Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында Ұлттық экономика министрлігінің Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әзірлеген ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін ұйымдастыру мен өткізу кезінде бизнесті тарту жөніндегі Іс-шаралар жоспары қаралды.
Талқылау нәтижесі бойынша Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарға және Астана қаласы әкімдігіне тиісті Жоспар аясында жұмысты жалғастыруды тапсырды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері