- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Ақтөбе облысында бизнесті қолдауға 5,3 млрд теңге бөлінді
2014 жылы Ақтөбе облысында бизнесті қолдауға 5,3 млрд теңге бөлінді
«Есептік тоқсанда шағын және орта кәсіпкерлікке ерекше назар аударылуда. Осы салада 130,3 мың адам еңбек етуде. 2014 жылдың 1 шілдесіне сәйкес, ШОБ тіркелген субъектілерінің саны 6,1 пайызға өсіп, 53,5 мың бірлікті құрады. Кәсіпкерлікті қолдау үшін 2014 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 5,3 млрд теңге бөлінді, ол өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есеге көп», - деді А. Мұхамбетов.
Оған қоса, әкім атап өткендей, бағдарлама жұмыс істегелі бері Ақтөбе облысының кәсіпкерлері 11,9 млрд теңге көлемінде көмек алды.
Сондай-ақ, А. Мұхамбетовтың айтуынша, кәсіпкерлерді қолдаудың инфрақұрылымы дамуда. Барлық аудандарда кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы ашылды, олар «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қаржылық және консультативтік көмек көрсетеді.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті дамыту орталығын ашты, ол жерде кәсіпкерлерге өз бизнесін ашу үшін кеңес жүргізіледі.
Индира Кауметова
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары