• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2014 жылдың желтоқсанында Ақтөбе облысында 430 мың тонналық қуаттылыққа ие рельс зауыт ашылады

2014 жылдың желтоқсанында Ақтөбе облысында 430 мың тонналық қуаттылыққа ие рельс зауыт ашылады

12 Қыркүйек, 2014 12:28
Желтоқсан айының басында Ақтөбе облысында 430 мың тонналық қуаттылыққа ие рельс зауыты жұмыс істей бастайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК-мен бірлесіп ірі жоба аяқтап жатырмыз. Ол 430 мың тонналық қуаттылыққа ие рельс зауытының  құрылыс жобасы. Соның 200 мың тоннасы рельсті өнім болса, 230 мың тоннасы стартты прокат өнімі. Жоба құны- 72 млрд теңге. Қазіргі таңда монтаж жұмыстары толықтай аяқталып, 70 пайызы жөндеуден өтті», - дейді әкім.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, 2015 жылы осы зауытты шикізатпен қамтамасыз ететін жаңа кешен іске қосылмақ.

«2015 жылы «Қазақстан Темір Жолы» ҰК қолдауымен 533 мың тонналық қуаттылыққа ие электр-болат қорыту кешен құрылысы жоспарланып отыр. Оның құны 52,4 млрд теңге. Зауыт рельс зауытын шикізатпен қамтамасыз ететін болады. Осылайша импорт тәуелділігінен айырылып, өзіміздің өнімді пайдаланатын боламыз», - дейді ол.

Әкімнің пікірінше, өңірде қазіргі таңда жаңа ферроқорытпа зауыты салынды. Оның қуаттылығы 440 мың тонна.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар