2014 жылы ҮИИД МБ аясында Ақтөбе облысында 1,2 мың жұмыс орны ашылады (ФОТО)

12 Қыркүйек, 2014 11:52
2014 жылы ҮИИД МБ аясында Ақтөбе облысында жаңа 10 жоба іске асырылып, нәтижесінде 1,2 мың жұмыс орны ашылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

«Биыл үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы аяқталады. Бүгінгі таңда біздің облыстан Индустрияландыру картасына 591 млрд теңгенің 76 инвестициялық жобасы енгізіліп отыр. 4 жыл ішінде біз жаңадан 5 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген 70 жобаны іске асырдық. Биыл тағы да 1,2 тұрақты жұмыс орнын ашатын 200 млрд теңгенің 10 жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз», - дейді әкім.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ҮИИД Б екінші бесжылдығында ескерілетін 14 басым бағыттар анықталған.

«Қазіргі таңда Индустрияландыру картасына нысандар енгізудің талаптары әдістерін өзгертіп жатырмыз. Біздің өңірден ҮИИД МБ-2 бойынша 14 басым бағыт анықталды. Бірінші бесжылдықта ескерілмеген нәрселер мен кеткен қателіктер бағдарламаның екінші бөлігінде аяқталады», - дейді өңір басшысы.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар