Техникалық реттеу комитеті ағымдағы жылдың 7 айында 689 тексеріс жүргізді

12 Қыркүйек, 2014 12:21
ҚР Инвестиция және даму министрлігі Техникалық реттеу комитеті ағымдағы жылдың 7 айында адам денсаулығы мен қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнім сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды адасушылыққа алып келетін әрекеттердің алдын алу мақсатында 689 тексеріс жүргізді.

Ведомствоның хабарлауынша, 387 тәртіп бұзушылық жағдайы тіркелген. Бұл жалпы жүргізілген тексерістің 56,2 пайызын құрайды.

Нәтижесінде 57 млн теңгеге 465 айыппұл жазылды. Ең көп айыппұлға іліккен өңірлер Қарағанды облысы (83), Алматы қаласы (56) және Ақтөбе облысы (49).

Сонымен қатар, тексеріс нәтижесінде талапқа сай келмейтін өнімнің 1608 партиясына сатылуға тыйым салынып, Өзгерістер реестріне енгізілмеген және сай келмейтін 6709 дана өнімді қолдануға тыйым салынды.

Барлық жаңалықтар