• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтауда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде 2015 жылы тұрғын үй пайдалануға беріледі

Ақтауда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізінде 2015 жылы тұрғын үй пайдалануға беріледі

12 Қыркүйек, 2014 12:05
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасының негізінде жергілікті атқарушы органы Ақтау қаласында тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізеді.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  АҚ «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы мен  жергілікті атқарушы орган арасында тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізу бойынша меморандум түзілді», - деп «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның ресми порталы хабарлады.

Тұрғын үй кешені  «АККУ-2»  шағын ауданында орналасқан, небәрі 670 пәтер, 1 шаршы мтердің   бағасы 112 500 теңге.

Құрылыстың 2015 жылдың 4 тоқсанында аяқталуы тиіс.

Тұрғын үй сатып алушылар мен жалға алушылардың  өтініштерін қабылдау уақыты болжам бойынша 2015 жылдың 1 шілдесі мен 1 қыркүйегі аралығында өтеді.

 

Барлық жаңалықтар