• Басты
  • Қазақстанда Отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық өтуде
12 Қыркүйек, 2014 15:14

Қазақстанда Отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық өтуде

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп, 2014 жылдың 15 қыркүйегінде «Отбасы – бақыт мекені» атты апталығын өкізеді.
Қазақстанда Отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық өтуде

БҒМ-де хабарлағандай, апталықты өткізудің мақсаты – қоғамдағы отбасы құңдылықтарын  насихаттау, отбасы және балалар мүддесінде мемлекеттік саясатты іске асыруда мемлекеттік құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың, БАҚ-тың және тағы басқа әлеуметтік топтардың күшін біріктіру.

Отбасы апталығының шеңберінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы үкіметтік емес ұйымдары кеңесінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізді.

Осы күні ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен «Аспан арыстаны» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорымен ұйымдастырылған «Миында ауытқулар мен даун синдромы бар балалар және олардың ата-аналары үшін серуен» атты қайырымдылық іс  шарасы өткізіледі.

2014 жылғы 14 қыркүйекте Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Салауатты Қазақстандық» республикалық қоғамдық қауымдастығымен бірлесіп, еліміздің ата-аналар қауымдастығына арналған жалпымасштабты психолого-педагогикалық ағартушылық «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» акциясы жарияланды. Акция іс-шараларына 150 мыңнан астам бірінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысады.

Астана қаласында қоғамдық қайраткерлер, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бизнес-құрылымдардың өкілдері, кәсіпкерлер, маркетологтар, тілшілер, волонтерлер «Барлық отбасылар үшін әлеуметтік жаңғыртулар» атты талқылау кеңістігінде әлеуметтік бастамалар мен жаңғыртылған шешімдерді, әлеуметтік маңызды жобаларды талқылайтын болады.

Сондай-ақ, 15 қыркүйекте «Қазақстан-2050» қоғамдық қозғалысы «Бала отбасында өмір сүруге тиіс» атты жобасының шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен Астана қаласында «Қазақстанда балалық шақты қорғаудың әлеуметтік инфрақұрылымы: дамудың басымдықтары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізеді.

Барлық жаңалықтар
66.249.70.90, 192.168.88.100