• Басты
  • 400-ден астам ЖОО түлектері ұлттық компаниялар мен меморгандарда тағылымдамадан өтеді – Жас Отан

400-ден астам ЖОО түлектері ұлттық компаниялар мен меморгандарда тағылымдамадан өтеді – Жас Отан

12 Қыркүйек, 2014 11:34
«Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында 400 астам ЖОО түлектері 200 астам ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдарда үш ай тәжірибеден өтулерін бастайды.

««Сәтті қадам» жобасына барлық аймақтан қатысуға 1 874 өтінім келіп түсті. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 407 адам Қазақстанның ұлттық компаниялары мен мемлекеттік органдарында тәжірибеден өтуге жолданылды», - деп хабарлады  «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.

«Жас Отан» Жастар қанатының «Сәтті қадам» жобасы жастарға Қазақстанның бас ұйымдарынан тәжірибе жинауына және алған мамандықтары бойынша кәсіби біліктілігін арттыруларына мүмкіндік береді.

Жобаның қатысушылары тәжірибеден ұлттық компаниялардан, атап өтсек, «Бәйтерек» ҰБХ», «Парасат» ҰҒТХ», «ЭКСПО-2017» ҰК», «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы», «Астана Innovations», «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК», «Ұлттық медицина холдингі», «ҚТЖ» АҚ, сонымен қатар министрліктер және еліміздің алдыңғы қатарлы мемлекеттік органдарынан өте алады.

Тәжірибеден өтуге жоғары оқу орнын бітірген жастар ғана қатыса алады.

2013 жылмен салыстырғанда түскен өтінім де, бітіруші түлектер саны да, іріктеуден өткендер де 25% өскен. Алдыңғы жылы 1500 адамнан 330 ғана тәжірибе алуға жіберілген болатын. Алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша 45 адам тәжірибе өткен орындарында жұмысқа орналасқан.

«Жоғары оқу орнында берген білім және жұмыс орнындағы талаптар екі түрлі дүние болып жататын кездер болады. Менің ойымша дәл осы жоба ЖОО бітірген түлектерге екі жақтың да сұранысын байланыстыра білуге бағытталған.  Білім алу ешқашан кеш емес! Және әрбір жұмыс орны – ол тағы да бір университет курсы», - деді Әлия Елубаева. 

Барлық жаңалықтар