• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысының өнеркәсіптік кәсіпкерліктері 180,8 млрд теңгенің өнімін өндірді

Ақмола облысының өнеркәсіптік кәсіпкерліктері 180,8 млрд теңгенің өнімін өндірді

12 Қыркүйек, 2014 11:19
2014 жылдың қаңтар-тамыз аралығында облыстың кәсіпкерліктері 180,8 млрд теңгенің тауар өнімін өндірді. Бұл туралы Ақмола облысы әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен өндірістік сектор жетекшілерінің жыл соңына дейінгі міндеттемелері мен 2014 жылдың алғашқы 8 айының өнеркәсіптік дамуының қорытындысы туралы жиын барысында айтылды.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, физикалық көлем индексі 104,7% құрады.

Индустрияландыру картасы аясында өңірде 30 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашатын 716,7 млрд теңгенің 63 инвестициялық жобасы іске асырылуда.

Қазіргі таңда 105,3 млрд теңгенің 44 жобасы пайдалануға беріліп, 4,8 мың жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, 2014 жылы 1531 тұрақты жұмыс ашуға мүмкіндік беретін 94,6 млрд теңгенің 15 жобасын іске қосу жоспарланған. Соның ішінде 3 млрд теңгенің 5 жобасы жүзеге асырылып, қазіргі таңда 276 тұрақты жұмыс ашылды.

Ақмола облысында бұдан бөлек 2015-2021 жылдарға жоспарланған 24 626 тұрақты жұмыс орнын ашатын 9 жоба іске асырылуда.

Барлық жаңалықтар