- Басты
- Жаңалықтар
- Санкт-Петербургте халықаралық мамандарға Қазақстанның мәдениет саясаты түсіндірілді
Санкт-Петербургте халықаралық мамандарға Қазақстанның мәдениет саясаты түсіндірілді
Халықаралық конференцияны Музейлердің халықаралық кеңесі (Ресей ИКОМ), Санкт-Петербург қаласының үкіметі, Свердлов облысының үкіметі мен Ресей Федерациясының Президент Әкімшілігінің қолдауымен Ресей, Германия және АҚШ музей қауымдастығы ұйымдастырып отыр.
Конференцияның ашылуында ғылым мен өнердің сақталуы және дамуына баға жетпес еңбек сіңірген көрнекті қайраткерлер сөз сөйледі. Олардың қатарында Музейлердің халықаралық кеңесінің президенті Ханс Мартин, А.С.Пушкин атындағы бейнелеу өнері мемлекеттік музейінің президенті Ирина Антонова, Ресей музейлері одағының президенті, Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры Михаил Пиотровский бар. Шараны Ресей ИКОМ Президенті, РФ Президентінің кеңесшісі Владимир Толстой жүргізуде.
Конференция жұмысына, сонымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов та қатысып жатыр. Ол халықаралық мамандар қауымдастығының назарына еліміздің азаматтық қоғамында кеңінен талқыланып жатқан Қазақстан Республикасы мәдениет саясаты Тұжырымдамасының жобасын ұсынды.
Өзінің баяндамасында А.Хазбулатов мәдениеттің қоғамдық дамудың басты көрсеткіші ретіндегі маңыздылығына тоқталып өтті. А.Хазбулатовтың пікірінше, мемлекет тарихында алғаш рет жасақталып шыққан мәдениет саясатының Тұжырымдамасы Қазақстан экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларда дамудың белгілі бір жетістіктеріне қол жеткізгендігінің дәлелі болып табылады.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі