• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада ТМД елдері арасында табельдік қарудан оқ ату және үшсайыс бойынша чемпионат өтуде (ФОТО)

Астанада ТМД елдері арасында табельдік қарудан оқ ату және үшсайыс бойынша чемпионат өтуде (ФОТО)

12 Қыркүйек, 2014 10:33
Кеше Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттер достас армияларының табельдік қарудан оқ ату және офицерлік үшсайыс бойынша чемпионаты жалауын көтерді.

Чемпионатты ашқан ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары  генерал-майор  Мұқан Дүйсекеев аталған жарысты «достастық армиялардың әскери-спорттық өміріндегі айтулы оқиға» деп атап өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

«Осындай жарыстар халықаралық спортты дамытудың көпірі ретінде және Достастық елдері арасындағы байланысты және де «спорттың әскери-қолданбалы түрі оның ішінде табельдік қарудан оқ ату және офицерлік үшсайыс әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын нығайтуға мүмкіндік жасайды»,- деді М Дүйсекеев.

Қатысушылар алдында сондай-ақ ТМД- ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері Кеңесі жанындағы спорт комитетінің төрағасы- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия спорт клубының бастығы полковник Ерлан Таласбаев сөз сөйледі.

Үш күн бойы  Қырғызстан, Ресей және Қазақстан  Қарулы  күштерінен келген әскери-спортшылар табельдік қарудан оқ ату және офицерлік үшсайыс бойынша сайыспақ.

Чемпионаттың мақсаты достастықты нығайту және Достастық елдері арасында әскери қызметшілер дене тәрбиесін, спорттың бұқаралылығын арттыру, дене дайындығын және моральді-психологиялық тұрақтылығын күшейту болып табылады.

Чемпионат жалауы ағымдағы жылғы 13 қыркүйекте түсірілетін болады.

Барлық жаңалықтар