• Басты
  • Қоғамдық кеңестің отырысында заңмен қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды
12 Қыркүйек, 2014 09:31

Қоғамдық кеңестің отырысында заңмен қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды

ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Бас әскери прокуратурасы жанындағы заңмен қамтамасыз ету сұрақтары жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті.
Қоғамдық кеңестің отырысында заңмен қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды

Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, Бас прокуратура, Қорғаныс министрлігі, Қарулы Күштер ардагерлер кеңесі, ІІМ Ішкі әскерлері, ҚР прокуратура органдарының өкілдері қатысты.

ҚР ҚМ Әкімшілік департаментінің бастығы Р. Бекқадамовтың хабарлауынша, әскери басқару органдарына келіп түскен өтініштердің көп бөлігі әскерге шақыру, әскери қызметтін өтеу, әлеуметтік сала мәселелеріне арналған. Хатпен жіберілетін арыз-шағымдардың айтарлықтай қысқарғанымен қорғаныс министрінің блогіне, жергілікті әскери басқару органдарына келіп түскен өтініштер өсіп отыр. Баяндамашының айтуынша азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер дер кезінде тіркеледі және заңмен белгіленген мерзімде қарастырылады.

Отырыс барысында сөз сөйлеген Парламент Мәжілісінің депутаты – ҚР Бас әскери прокуратурасы жанындағы заңмен қамтамасыз ету сұрақтары жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы А.Тасболатов азаматтардан келіп түскен өтініш, шағымдарымен жұмысты келешекте одан әрі жетілдіре түсу, олармен жұмысты жеделдету, қажетті шара қабылдауға баса назар аудару керектігін атап өтті.

Отырыс жұмысына қорытынды жасаған Қорғаныс министрінің орынбасары Т.Мұхтаров азаматтардың мемлекеттік органдарға, сонымен бірге әскери басқару органдарына өтініш жасауы оларды қорғаудың конституциялық кепілдігін іске асыру құралы, бұзылған құқықтарды қорғау және қалпына келтіру тәсілі болып табылатынын атап өтті.

«Сондықтанда осы саладағы жұмыс әскери басқару органдары қызметінің басым бағыттарының қатарында»,- деді Т.Мұхтаров.

Отырыста сондай-ақ «Айқын» жобасының тұсаукесері болды. Тұсаукесерді ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есеп  Комитетінің мамандары өткізді.

Барлық жаңалықтар