- Басты
- Жаңалықтар
- Бейбітшілік пен келісім маршының қатысушылары 7300 шақырымды бағындырды
Бейбітшілік пен келісім маршының қатысушылары 7300 шақырымды бағындырды
Жобаның қорытындысын шығара отырып Бейбітшілік және келісім маршы жобасының атқарушы директоры Шымкент қаласындағы татар және башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстандағы татар мен башқұрт қауымдастығы президиумының мүшесі, академик Руслан Абдуллин аталмыш елдерді аралау барысындағы өткен қызықтарымен бөлісті.
«Біз бас-аяғы 7310 км жүріп өттік. Соның мың шақты шақырымын жаяу бағындырдық. Марш аясында Астана, Уфа, Қазан, Мәскеу, Киев, Умань, Одесса, Татарбунар, Измаил, Константа, Варна, Карлово, София, Сидирокастро мен Салоники қалаларында дінаралық бейбітшілік пен ынтымақтастық күндері ұйымдастырылды. Шараның соңғы нүктесі Путивль қаласында қойылды. Мәскеу мен Қазанда шараның қорытындысын жасадық. Марш қатысушылары ретінде Қазақстан, Ресей, Украина, Болгария, Италиядан 23 адам тіркелген. Олардың арасында мұсылман да, христиан да, иудей де бар», - дейді Р.Абдуллин.
Оның айтуынша, Бейбітшілік және келісім маршы ешқандай да саяси және діни мақсатты көздемейді. Оның негізінде қоғамдық, конфессиялық және конфессияаралық құндылықтар жатыр.
Қазақстандағы татарлар мен башқұрттар қауымдастығының медиа орталығының хабарлауынша, Қазақстанның оңтүстігінде «Шығыс-Батыс» атты туризм орталығы дайындалмақ. Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдегі туристік әлеуетті арттыру көзделген.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері