• Басты
  • Жаңалықтар
  • Душанбеде Н.Назарбаев пен Э.Рахмон ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады

Душанбеде Н.Назарбаев пен Э.Рахмон ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады

12 Қыркүйек, 2014 09:01
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, әңгіме барысында екі ел көшбасшылары екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасы еліміздің маңызды серіктесі екенін және Қазақстан оған әрдайым жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мемлекет басшылары екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығы мәселелерін де қарастырды.

Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарға қатысты пікір алмасты.

Барлық жаңалықтар