• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Ә.Назарбаеваның «Жандану» жобасы аясында экология оқулығының тұсауы кесілді (ФОТО)

Астанада Ә.Назарбаеваның «Жандану» жобасы аясында экология оқулығының тұсауы кесілді (ФОТО)

11 Қыркүйек, 2014 16:08
Астанада Әлия Назарбаеваның экологиялық «Жандану» жобасы аясында жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Экология және тұрақты даму» атты экология оқулығы таныстырылды.

«Экологиялық тәрбие мен оқытудың өзектілігі – оқыту мазмұнын жаңарту мен ауыстырудағы маңызды шаралардың бірі, бүгінгі таңда экологиялық тәрбие мәселесі пән және мәдениет деңгейіне дейін көтеріліп отыр», - деді ҚР білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде.

Аталмыш оқулық ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан Әлия Назарбаеваның экологиялық «Жандану» жобасы аясында құрылған. Онда қоршаған ортамен түзу қарым-қатынас құру мүмкіндіктерін игеруге болады.

«Оқулықта қоршаған ортамен қалай өзін өзі ұстау қажеттілігі мен тазалыққа қатты мән берілген. Бүгінгі таңда экологиялық білім берудің мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұлғаны тәрбиелеу, қоршаған орта алдындағы жауапкершілікті үйрету, сонымен қатар адамгершілік құндылықтарды сіңіру болып табылады», - дейді вице-министр.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар