- Басты
- Жаңалықтар
- ТДҰА 2023 жылға дейін инновациялық гранттардың сомасын 56 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлауда
ТДҰА 2023 жылға дейін инновациялық гранттардың сомасын 56 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлауда
«ТДҰА» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Санжар Ізтілеуовтың айтуынша Даму стратегиясында негізгі көрсеткіштер белгіленген. Аталмыш көрсеткіштерге сәйкес қолдауға ие болған инновациялық жобалардың шығарған өнімінің жыл сайынғы көлемін 2014 жылғы 5 млрд.теңгеден 2023 жылға дейін 9 млрд.теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр.
Сондай-ақ, қарастырылып отырған кезеңге дейін ұсынылған инновациялық гранттардың сомасын 2014 жылғы 2,2 млрд. теңгеден 56 млрд.теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.
Алдағы уақытта Агенттік тікелей жобалық қаржыландыру бойынша қызметін тоқтатып,еншілес қаржыландыруға кеңінен көңіл бөлмек. Осы мақсаттарда Агенттік халықаралық стандарттарға сай келетін және Қазақстанның жағдайына сәйкестендірілген нормативті-құқықтық базаны әзірлеуге қатысады.
Агенттік кең ауқымды стратегиялық қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру арқылы стратегиялық технологияларды дамытуға ықпал жасамақ. Осы мақсаттарда технологиялық бағдарламаларды іске асыру үшін өндірістік зерттеулер жүргізуге арнайы гранттар бөлінетін болады.
«Біз ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен, бизнеспен және отандық ғылыммен бірлесе отырып қазірдің өзінде мақсатты технологиялық бағдарламалар аясында ұзақ мерзімді перспективада өзекті болатын стратегиялық технологияларды анықтадық. Стратегия шеңберінде қаржыландырылған мақсатты технологиялық бағдарламалардың сомасын 2014 жылғы 500 млн.теңгеден 2023 жылға қарай 5000 млн.теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз» - деп атап өтті ол.
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді