- Басты
- Жаңалықтар
- Бас прокуратурада ҚАЖД медициналық қамсыздандыру жұмыстарының заңдылығы талқыланды
Бас прокуратурада ҚАЖД медициналық қамсыздандыру жұмыстарының заңдылығы талқыланды
Алқа мәжілісінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің медициналық қызметін тексеру нәтижелері талқыланды.
Бас Прокурор атап өткендей, қамауға алынғандардың ұстау жағдайларын жақсарту, оларды қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз ету бойынша мемлекет тарапынан дәйекті шаралар қолданылуда.
Соңғы жылдары қылмыстық-атқару жүйесін қаржыландыру елеулі өсті, сотталғандарды ұстау шығындары көбейіп, олардың тамақтандыру нормалары жақсартылған. Пенитенциарлық жүйенің медициналық қажеттілігіне жыл сайын жарты миллиардтан астам бюджеттік қаражат бөлінеді. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мекемелердің материалдық-техникалық базалары күшейтілді.
«Алайда, қабылданған шаралар пенитенциарлық денсаулық сақтаудың сапасының өзгеруіне ықпал ете қойған жоқ. Тексерулер барысында ҚАЖ-нің мекемелерінде медициналық көмек көрсетудегі жүйелі кемшіліктер мен жол берілген қателіктер анықталған. Әлі де болса уақытылы диагностиканың жасалынбауы және қамаудағыларға сәйкесті емдеудің жүргізілмеуі, білікті медициналық мамандардың жетіспеушілігі, қымбат бағалы құрал-саймандардың тұрып қалуы, бюджеттік қаражаттың мақсатты жұмсалмауы, сотталушыларды медициналық мекемелерге ауыстыру мәселелерінің созбалаңға салынуы, инфекциялық аурулардың тарауына ықпал етуі мүмкін санитарлық нормалардың бұзылуы негізгі проблемалар болып қалуда», - деп жазылған баспасөз баянында.
Осылардың нәтижесінде, соңғы 10 жылда «түрме тұрғындарының» үштен біріне азаюына қарамай, қамаудағылардың өлімі біржарым есеге көбейген. Ауыр науқастанған қамаудағылардың көбі, оларға ешқандай көмек көрсету мүмкін болмаған кезде де ауруханалар төсектерінен табылуда.
Алқа мәжілісі жұмысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне пенитенциарлық жүйенің медициналық қамсыздандыруын ұйымдастырудағы орын алған заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, осы саладағы заңдылықтарды жетілдіру бойынша ұсынымдар жолданды. Қылмыстық-атқару жүйесі және оның аймақтық құрылымдары басшыларының дербес жауаптылықтарын қарастыру мәселесі қойылды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда