• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық қор жаңа экономикалық саясатқа өтуде қозғаушы күшке айналды – Ахметов

Ұлттық қор жаңа экономикалық саясатқа өтуде қозғаушы күшке айналды – Ахметов

11 Қыркүйек, 2014 15:25
Ұлттық қор жаңа экономикалық саясатқа өтуде қозғаушы күшке айналды, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рашит Ахметов.

«Ұлттық қор жаңа экономикалық саясатқа өтуде қозғаушы күшке айналды. Оның қаражаты болашаққа бағытталған экономиканы инвестициялық дамытуға мүмкіндік беретін индустриялдық және инфрақұрылымдық маңызды жобаларды іске асыруға жұмсалуда», - дейді депутат.

Сонымен қатар, депутаттың айтуынша, алдағы 3 жылда 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы қаралып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мәселсіне де назар аударылмақ.

«Жақында ғана Парламентке келіп түскен 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы жоба ауыл шаруашылық өндірісін дамытуға да айтарлықтай қаржылық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, ұлттық қордан өңдеуші өнеркәсіп жобаларына 25 млрд теңге бағытталады», - дейді Ахметов.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар