• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғышлақ-Бейнеу күнделікті қатынауға ауыстырылды – Жолаушылар тасымалы

Маңғышлақ-Бейнеу күнделікті қатынауға ауыстырылды – Жолаушылар тасымалы

11 Қыркүйек, 2014 18:53
2014 жылдың 11 қыркүйегінен бастап №657/658 Маңғышлақ-Бейнеу жолаушылар пойызы күнделікті қатынауға ауыстырылды.

«Маңғышлақ станциясынан 23 сағат 10 минутта (Астана уақыты бойынша) жолға шығады, Бейнеу станциясына 8 сағат 25 минутта (Астана уақыты бойынша) келеді, жол үстінде болу уақыты 9 сағат 15 минутты құрайды. Кері қарай жол жүруі Бейнеу станциясынан 23 сағат 10 минутта (Астана уақыты бойынша), Маңғышлақ станциясына 8 сағат 40 минутта келеді (Астана уақыты бойынша), жол үстінде болу уақыты 9 сағат 30 минутты құрайды», - деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Купелі вагонында Маңғышлақ станциясынан Бейнеу станциясына дейін жол жүру құны 2 569 теңгені, плацкарт вагонында – 1 679 теңгені, жалпы вагонында – 970 теңгені құрайды. 

Құрамның схемасы 6 вагон: 2 купелі, 3 плацкарт, 1 жалпы. 

Барлық жаңалықтар