Жаппай декларациялауға өту кезең-кезеңмен жүзеге асырылады – Ахметов

11 Қыркүйек, 2014 14:57
Жаппай декларациялауға өту кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, бүгінгі таңда декларациялау мемлекеттік қызметкер мен ұлттық компаниялар қызметкерлеріне жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Рашит Ахметов мәлімдеді.

«Жаппай декларациялауға өтуде белгілі бір ережелер сақталады. Бірінші кезекте, ақпараттандырылу керек. Халық тиісті ақпаратқа қол жеткізбей бұл шараға араласуға қызығушылық танытпайды. Телеарналар арқылы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Кейін 2018 жылдан бастап смс хабарламалар жіберіледі», - дейді депутат.

Сонымен қатар, Парламенттің жоғарғы палатасы депутатының айтуынша, декларациялау шарасы жемқорлыққа қарсы күресті ашық жүзеге асыруға өтудің бір кезеңі болып табылады.

«Әлемнің 30-дан астам елі жаппай декларациялаудан өткен. Бұл жұмыстар оңай емес, менің ойымша, халық мұны транспарентті экономикаға өту мен жемқорлыққа қарсы күрестің бір жолы екенін ұққан жағдайда мұны өз деңгейінде түсінеді», - дейді ол.

Сонымен қатар, оның пікірінше, декларациялауға өз уақытында өткізілмеген жағдайда әкімшілік айыппұл аз ғана болады.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар