- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат депутаттары Парламенттің 4-інші сессия жұмысының басым бағыттары туралы айтты (ФОТО)
Сенат депутаттары Парламенттің 4-інші сессия жұмысының басым бағыттары туралы айтты (ФОТО)
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Сенат депутаты Рашит Ахметов пен Серік Ақылбай Парламенттің төртінші сессиясы жұмыстарының басым бағыттарын атады.
«Президент сессияны аша отырып бүгінгі таңда Парламент пен Үкіметтің өзара бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын атап көрсеткен еді. Бұл дегеніңіз елдегі маңызды қоғамдық қатынастарды заңнамалық қамтамасыз ету мен реттеу болып табылады. Алға қойылған міндеттемелер өмірдің барлық қырын қамтитындықтан ірі жаһандық мәнге ие. Берілген тапсырмаларды шешу жолдарын Мемлекет басшысының өзі атап көрсетті. Осыған орай бірқатар заң жобаларын шұғыл қабылдау керек болып отыр», - дейді С.Ақылбай.
Атап айтар болсақ, брифингте мемлекеттік басқару деңгейлері құзіретін заңнамалық реттеу, кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мәселесі мен жаңа заманның кодексі болып табылатын Кәсіпкерлік және Азаматтық процессуалды кодексті қабылдау процесін аяқтау қажеттілігі талқыланды.
Сонымен қатар, сенат депутаттары арбитражды сотты әрі қарай дамыту, рұқсаттама құжаттары санын қысқарту мен елдегі жемқорлықпен күресті күшейтуге қатысты бірқатар мәселелерге тоқталды.
Индира Қауметова
Суретке түсірген Азамат Алиев
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді