• Басты
  • Жаңалықтар
  • ДКЖК кеңесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық стратегия жобасы таныстырылды

ДКЖК кеңесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық стратегия жобасы таныстырылды

11 Қыркүйек, 2014 14:45
Астанада «Қазақстан - 2050» Демократиялық күштердің жалпұлттық коалициясының отырысы өтіп жатыр.

««Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асырудағы қажетті жағдай ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға  қоғамның күшін жұмылдыру коалиция мүшелері талқылаған тақырып болды.  Шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров тұңғыш рет 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық Стратегияның жобасын таныстырды», - деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы мақсаттарға қол жеткізудің басты шарты ретінде мемлекет пен барлық қоғамның жемқорлыққа қарсы күш-қайратын жұмылдыруды атап өткен болатын.  Елбасының «Нұр Отан» партиясының ХV съезінде сөйлеген сөзінде атап өткеніндей: «Саяси көшбасшылықтағы түбегейлі мәселе – біздің ымыраға көнбейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиямыз».

Сондай-ақ, 2014 жылдың шілдесінде «Нұр Отан» партиясы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының жобасын әзірлеп, қалың бұқараның талқылауына ұсынған болатын.  

«Мемлекет пен азаматтық қоғамның әріптестігі, ашықтық, жариялылық пен мемлекеттің қоғамға есептілігі, заң үстемдігі, жемқорлық құқықбұзушылық үшін жазаның қолданылмай қалмайтындығы, нөлдік төзімділік пен жемқорлықты жұрт алдында жазғыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі қағидаттар болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге болатынына байланысты қоғамда  қалыптасқан көзқарасты түбегейлі өзгерту қажет», - деп атап өтті ДКЖК отырысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.  

«Нұр Отан» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының жобасы туралы бағдарламаны әзірлеген жұмысшы тобының жетекшісі, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы  фракциясының мүшесі Нұрлан Әбдіров әңгімелеп берді, партия қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың механизмі туралы «Нұр Отан» партиясы қарамағындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Қайырбек Сүлейменов хабарландырды.

Отырыс қорытындысы бойынша ДКЖК мүшелері Коалиция атынан барлық Қазақстан азаматтарына арнаған Үндеу қабылдады

Барлық жаңалықтар