- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да ҚР Президенті жүлдесі үшін халықтық спорт ойындары басталды
ШҚО-да ҚР Президенті жүлдесі үшін халықтық спорт ойындары басталды
Жарысқа Қазақстанның 14 облысы мен Алматы, Астана қалаларының өкілдері мен 1600-ден астам спортшы қатыспақ.
Шара 9 спорт түрі бойынша ұйымдастырылуда: волейбол (ерлер және әйелдер), шағын футбол, қазақ күресі, тоғызкұмалақ, асық ату, кір тасы спорты, қол күресі, үстел теннисі.
«Біз неғұрлым спортпен жиі айналыссақ, халқымыз да соғұрлым қуатты болып, әлемдегі алдыңғы қатарлы 30-дыққа бір табан жақындай түсетіні анық», - деді ШҚО әкімі Бердідек Сапарбаев спортшыларға сәттілік тілей отырып.
Сонымен қатар, жарысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Дене шынықтыру және спорт агенттігінің төраға орынбасары Елсияр Қанағатов құттықтады.
«Біздің елімізде Президенттің қолдауымен спорттың дамуына көп көңіл бөлінуде. Мұның барлығы халықтың 30 пайызы спортпен айналысуы керек деген Елбасы тапсырмасының іске асырылып жатқанының көрінісі. Шығыс Қазақстан облысы еліміздегі спорты дамыған өңірлердің бірі. Бұл да осында атқарылып жатқан жұмыстардың арқасы. Нәтижесінде, өңірден шығып еліміздің намысын қорғаған бірнеше спортшыларды сіз бен біз жақсы білеміз», - деді ол.
Айта кету керек, дәстүрлі шара 4 жылда 1 рет ұйымдастырылады. Ойындар 14 қыркүйекке дейін өткізіледі.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын