2014 жылдың қазан айында Оралда жаңа теннис орталығы ашылады

11 Қыркүйек, 2014 11:10
2014 жылдың қазанын айында Оралда жаңа теннис орталығы ашылады, деп ОКҚ брифингінде Қазақстанның Теннис федерациясының атқарушы директоры Диас Досқараев мәлімдеді.

«Оралдағы теннис орталығын ашу қазан айында жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, Ақтау, Атырау, Астана қалаларында аталмыш орталықтың құрылысын жүргізуді бастадық, тағы бір дайындалу  базасы  Алматыда  құрылады», - деді Д. Досқараев.

Оған қоса, ол соңғы бірнеше жыл ішінде Теннис федерациясы Қазақстандағы теннистің дамуына бірқатар  жағдай жасағандығын атап өтті.

«Соңғы жылдары бірқатар іс-шаралар атқарылды. Біз инфрақұрылым, теннистік база, техникалық-материалдық сала бойынша бірқатар жұмыстарды атқардық. Бұл тек жетекші қалаларда ғана емес, елдің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда», - деді ол.

 Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар