- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша 672 жас отбасы пәтерге ие болды
Астанада «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша 672 жас отбасы пәтерге ие болды
2014 жылғы 4 қыркүйекте Тұрғын үй комиссиясы мәжілісінің отырысы өтіп, онда үміткерлерден түскен өтініштерді қарау нәтижелері бойынша ұсынылған құжаттар қаралып тұрғын үй алуға үміткер ретінде 672 жас отбасы іріктеліп алынды.
«Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша бағдарламаға қатысушылар саны 5 078 жас отбасы, соның ішінде үш бөлмелі пәтер алуға – 1 302, екі бөлмелі пәтерге – 2 765, бір бөлмелі пәтерге – 1 011 үміткер болды.
Бұл ретте үлестіру үшін 158 үш бөлмелі, 380 екі бөлмелі және 134 бір бөлмелі пәтер бөлінгенін атап өту керек.
«Іріктеу қатысушылардың өтініштерінде көрсетілген пәтерлердің үлгісіне сай келетін тұрғын үй санына сәйкес қатысушылар баллдарының жоғарылығы бойынша жүргізілді. Бағдарлама қатысушыларда баллдар тең болған жағдайда, тізімге енгізу туралы шешім Тұрғын үй комиссиясының дауыс көпшілігімен қабылданды», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның бұл бағыты бойынша Астана қаласында кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған (бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) жас отбасы, сондай-ақ 29 жасқа толмаған балаларын (баласын) ата-ананың біреуі тәрбиелейтін ажырасқан немесе жесір толық емес отбасылар қатысты. 2014 жылғы 2-14 маусым аралығында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарламаға қатысуға өтініштер қабылданды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі