• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысының мәдениет пен білім нысандары жылу маусымына 100% дайын – әкімдік

Ақтөбе облысының мәдениет пен білім нысандары жылу маусымына 100% дайын – әкімдік

11 Қыркүйек, 2014 10:32
Жылу маусымына Ақтөбе облысының білім және мәдениет нысандары 100 пайыз дайын, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ағымдағы жылы 2014-2015 жылу маусымын сәтті өткізу үшін өңірде 270 қазандық, 237,7 км жылутрассасына жөндеу жүргізіліп, 177,7 км су құбырлары мен кәрізге жаңғырту жасау жоспарланған.

«Сондай-ақ, облыста 510,5 км электр желісі, 44,5 км газбен жабдықтау, 88 денсаулық сақтау нысаны, 957 білім нысаны, 30 әлеуметтік нысан, 52 көп қабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден  өтеді», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар