- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ардагерлер-жауынгерлер әскери-патриоттық мәселелерді талқылады
Астанада ардагерлер-жауынгерлер әскери-патриоттық мәселелерді талқылады
«Шара Тәжікстан мен Ауғанстан шекараларында әскери борышын өтеу барысында қаза болған қазақстандық бауырлардың құрметіне бір минут үнсіздігімен ашылды. ҚР ІІМ-нің Ішкі әскерлері, Ұлттық Гвардиясы мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сарбаздары аталмыш қарулы күш құрылымдарының туларын залға салтанатты түрде алып кірді», - делінген хабарламада.
Ардагер-жауынгерлер жиналысында Тәжік-Ауған шекараларында өткен әскери шиеленістердің қатысушыларына ерекше статус беру, жастарды әскери-патриоттық тәрбиесі, ардагерлер қозғалысын насихаттау мәселелері және Ауғанстан мен Тәжік-Ауған қақтығыстарына қатысушылардың барлық қоғамдық ұйымдарын бір мемлекеттік құрылым астында біріктіру мүмкіндігі қарастырылды.
«Бүгінгі таңда Қазақстан ардагерлер қозғалыстарының барлығын басын біріктіру өте маңызды мәселелердің бірі. Бірлік арқылы біз Ауғанстан, Таулы Қарабах және Тәжікстан мен Ауғанстан шекараларындағы қақтығыстарға қатысқан жауынгерлерге ерекше статус беру мақсатына қол жеткізе аламыз. Сондай-ақ, бірлік арқылы ардагерлер қозғалысын кеңінен насихаттау жұмыстарымен айналысып, жастарда әскери-патриоттық рухты қалыптастыруда республикалық деңгейге шығамыз», - деп айтты өз сөзінде «Ардагерлер Одағы (Тәжік-Ауған шекараларындағы жауынгерлік іс пен әскери қақтығыстарға қатысушылар)» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, подполковник М. Мұхамеджанов.
Шара қорытындылары бойынша 90-жылдардың басында өткен әскери шиеленістер қатысушыларына ерекше статус беру туралы заңның қабылдануын сұрайтын ҚР Президенті Н.Назарбаев атына жолданатын хаттың мәтіні қабылданды.
Жалпы, 1992 және 2001 жылдар аралығында Тәжікстан Республикасындағы әскери қақтығыстарда 8,5 мың қазақстандық жауынгерлік борышын өтеген болатын.
-
Мектептегі «экологиялық білім» пәні экологиялық мәселелерді шешуге қаншалықты әсер ете алады -
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты" -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек -
«Ауыл» партиясы әлеуметтік мәселелерді көтерді -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Аида Балаева дәрігерлермен міндетті екпе жасау мәселесін талқылады -
Сенаторлар мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасын талқылады -
ҚР АШМ құс шаруашылығы өкілдерімен саладағы өзекті мәселелерді талқылады -
Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады -
Елордада мыңға жуық бухгалтер саланың жаңашылдықтарын талқылады -
Елордалық Достық үйінде Абайдың шығармашылығын талқылады -
Н.Нығматулин Семей дәрігерлерімен «Денсаулық туралы» кодексті талқылады