• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә. Жақсыбеков облыс әкімдеріне аумақтық полиция бөлімшелерінің жұмысын жақсартуды тапсырды

Ә. Жақсыбеков облыс әкімдеріне аумақтық полиция бөлімшелерінің жұмысын жақсартуды тапсырды

11 Қыркүйек, 2014 09:01
ҚР Мемлекеттік хатшысы, Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысы міндетін уақытша атқарушы Ә.Жақсыбеков Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдерімен бейне-селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Іс-шараға сондай-ақ Ішкі істер министрі Қ.Қасымов қатысты.

«Кеңес барысында ішкі істер органдары аумақтық бөлімшелерінің материалдық-техникалық жарақтандырылу мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.

Кеңесте Ә.Жақсыбеков қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің айрықша рөлін атап өтті, сондай-ақ аумақтық полиция бөлімшелерінің жұмысын сапалық тұрғыдан жақсартуға бағытталған тапсырмалар берді.

 

Барлық жаңалықтар