АШМ-де «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» заң жобасы ұсынылды

10 Қыркүйек, 2014 18:31
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» заңнама жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» оған ілеспе құжаты кірген заңнама жобалары әзірленді, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бүгінгі таңда республикадағы аграрлық кооперация дамып жатқан жоқ. Қазақстанда кооперация құрамындағы шаруа және фермерлік шаруашылықтардың үлесі 1,5 % аспайды, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 140 % жетеді.

Қазіргі таңда аграрлық кооперация қызметі бес заңмен регламенттелген: «Тұтыну кооперативі туралы» ҚР Заңы, «Өндiрiстiк кооператив туралы» ҚР Заңы, «Селолық тұтыну кооперациясы туралы» ҚР Заңы, «Ауылшаруашылық серіктестіктері және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы» ҚР Заңы, «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативi туралы» ҚР Заңы.

Ауыл шаруашылығы министрлігі соңғы үш заңның күшін жойып, «Ауыл шаруашылық кооперациясы туралы» жаңа заңында заңды және жеке тұлғалардың өндірістік кооперативтің ұйымдастыру-құқықтық нысанында ауыл шаруашылық кооперативтерін құруды қарастырып отыр.

Құжатқа пайданы бөлу мүмкіндігі, ревизиялық одақтардың (қауымдастықтардың) кооперативтерге тексеріс жүргізу мүмкіндігі және аталған қызметтердың шығындарын субсидиялау. Бұдан басқа шектеусіз барлық аграрлық кооперативтер үшін арнайы салық режимін қолдану ұсынылып отыр.

«Халықаралық тәжірибеге сай ауыл шаруашылығындағы көлеңкелі экономиканың мәселелерін шешу ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту болып табылады. Бұл жеке қосалқы, шаруа және фермерлік шаруашылықтарды және заңды тұлғаларды аграрлық кооперативке біріктіріп, кооперативтер арқылы сауда жүйелерін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің ынтамақтастығын құруға негіз болмақ», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар