- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 2015-2020 жылдарға арналған ескі үйлерді жою бағдарламасы дайындалуда
Алматыда 2015-2020 жылдарға арналған ескі үйлерді жою бағдарламасы дайындалуда
Қала әкімдігінде хабарлағандай, қала басшысы алға қойған тапсырмаларды кеңейтуге барлық жағдайды туғызатын 1930-1960 жылдары салынған аз қабатты үйлерді жою бағдарламасының ойдағыдай орындалып жатқанын атап өтті.
«Шын мәнінде пилоттық жоба болған бұл бағдарлама, қазіргі кездің өзінде тиімділігін дәлелдеді. Міндеттер дер кезінде атқарылуда. Бұның бәрі бізге алдында тапсырылған параметрлерді кеңейтуге және оларды көбейтуге негіз береді», - деді Ахметжан Есімов.
Ескі үйлерді жою бағдарламасының аралық нәтижелерін шығара отырып әкім жобалау және құрылыс кезінде «жасыл технологияларды» қолдануға басымдық беріп, коммуникацияға түсетін салмақ пен желінің артуын есепке ала отырып нормативтерді сақтауды тапсырды.
Сондай-ақ, қала басшысы жаңа үйлер аумағында құрылыстың жоғары тығыздылығына жол бермей, сәйкес инфрақұрылымды қамтамасыз етуге назар аударды.
«Бірінші кезекте, ескі үйлерді жою - коммерциялық емес, әлеуметтік жоба», - деді Ахметжан Есімов.
Мәжіліс соңында әкім 2015 жылдан 2020 жылға арналған Ескі үйлерді сүру бағдарламасының жаңа жобасын дайындауды тапсырды.
Естеріңізге салсақ, Алматыда пилоттық жоба шеңберінде 61 тұрғын үй салынады. 2013 жылы ортақ ауданы 9,5 мың шаршы м. 197 пәтер 7 тұрғын үй құрылысы аяқталды. 2014 жылы 503 пәтер 17 тұрғын үй құрылысын аяқтау жоспарланған. 2015 жылы 37 тұрғын үйді салып бітіру жоспарлануда.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда