• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында 5 млн тоннадан астам астық жинау жоспарланып отыр – Қ.Айтмұхаметов

Ақмола облысында 5 млн тоннадан астам астық жинау жоспарланып отыр – Қ.Айтмұхаметов

13 Қыркүйек, 2013 14:26
Биыл Ақмола облысында 5 млн тоннадан астам астық жинау жоспарланып отыр, деп мәлімдеді бүгін баспасөз мәслихатында облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов.

«Бізде 4,2 млн гектар аумақтан астық жиналатын болады. Қазіргі кезде 900 мың гектарға жуығы орылды», – деді әкім.

Осы орайда ол облыс аумағындағы жауын-шашын егін орағы науқанының қарқынына кедергілер келтіріп отырғанын жеткізді. Сөз соңында әкім ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бүгінде астықты толық жинап алуға бар күшін салып отырғандығын атап өтті. 

Барлық жаңалықтар