• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жер телімдерін берудің жаңа тәсілі жауапсыз құрылыс салушыларды анықтайды

Жер телімдерін берудің жаңа тәсілі жауапсыз құрылыс салушыларды анықтайды

10 Қыркүйек, 2014 15:51
Астанада жер телімдерін берудің жаңа тәсілдері жауапсыз құрылыс салушыларды құрылыстың бастапқы кезеңінде-ақ анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлады қала әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасына сілтеме жасай отырып.

«Жер телімдерінде жобалауға рұқсат ету туралы» Астана қаласы әкімдігінің қаулысы шыққаннан кейін барлық санаттағы құрылыс салушылардың (жеке және заңды тұлғалар) тексеру, іздестіру жұмыстары және жобалау жүргізу туралы Сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісім-шарт жасасуы керек.

 Бұл құжатта жұмыстарды жүргізу уақыты нақты көрсетіледі және бұл мерзім салушы тарапынан да, сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан да міндетті түрде бұзылмауы керек.

Сонымен қатар, рұқсат қағаздарын алу тәртібіндегі әкімшілік кедергілерді азайту және алу уақытын қысқарту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Мысалы, жер телімінде тексеру, іздестіру жұмыстарына және жобалауға рұқсат беру мерзімі 15 күнге дейін қысқарды.

«Назар аударарлық жаңашылдықтардың бірі - құрылыс салуға үміткер тексеру, іздестіру жұмыстары және жобалауға рұқсат алу шаралары кезеңінде үшінші тұлғалардың (үлескерлердің) қаржысын тартуға құқығы жоқ. Атап өту керек, жобалау кезеңінде жер телімі салушының меншігіне берілмейді, тек жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін ғана ұсынылады. Осындай шаралар жауапсыз құрылыс салушыларды құрылыстың бастапқы кезеңінде-ақ анықтауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Келесі кезең – сәулет ғимаратын салу үшін жер телімін беру. Құрылыс жүргізуге жер телімін беру мәселесі де 15 күнде қаралады. Жер телімдері тегін беріледі, ал учаске үшін жалға беру ақысы тек екінші кезеңде ғана төленеді. Құжаттарды рәсімдеу екі кезеңде де мемлекет есебінен жүргізіледі.

Барлық жаңалықтар