• Басты
  • «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 50 ауылдық әйел өз бизнесін ашады

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 50 ауылдық әйел өз бизнесін ашады

10 Қыркүйек, 2014 13:05
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 аймақтың 50 әйелі өз істерін ашады, деп ОКҚ брифингінде Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева мәлімдеді.

«Біз жобаны аяқтаған соң  жеткізілетін нақты нәтиже қойдық. Семинарлар барысында 1500 адамды қамту жоспарланып отыр, бұл облыстардың әр ауданында ұйымдастырылады. Демек, әр ауданнан бір  әйел өз бизнесін ашады», - деді ол.

 Оның айтуынша, аймақтарда әлеуметтік зерттеу жүргізілетін болады.

«Оған қоса, өте маңызды жұмыс -  15 мың  респондетті қамтитын әлеуметтік зерттеу жүргізіледі. Біз әлеуметтанушылармен бірігіп түсіндіру жұмыстарымен қосарланып сауалнамаалуды жоспарлап отырмыз», - деді Қауымдастық президенті.

Сондай-ақ, жобаның аяқталуында  «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы бойынша  әлеуметтік-еңбек құқығының  дамуына қатысты нақты ұсыныстар мен кепілдеме дайындау қарастырылған.

Индира Қауметова

 

Барлық жаңалықтар