- Басты
- Қазақстанда әлеуметтік-еңбек саласындағы әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталады
Қазақстанда әлеуметтік-еңбек саласындағы әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталады

2011 жылдан бастап Қазақстанда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама бірінші кезекте оқыту, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік ашу немесе кеңейтуге көмек беру, жұмыссыздық деңгейін азайтуға бағытталған. Осыған орай, Қазақстан әйелдері қауымдастығы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен әлеуеметтік-еңбек саласындағы әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қолға алады.
«Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы жұмыспен қамту, мамандарды қайта оқыту, біліктілігін арттыру бағытында жұмыс істеп жатқанына қарамастан, халық осы мемлекеттік бағдарлама туралы толық хабардар емес. Жұмыссыздық деңгейі сол қалпында және жұмыспен қамтуда әлеуметтік «осал» топ әйелдер болып қалып отыр. Сонымен қатар, еңбекке жарамды жастағы 2,5 миллионнан астам адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарында. Осы және өзге де мәселелерді ескере отырып, жыл басында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен «Әлеуметтік-еңбек саласында әйелдер арасында ақпарттық-насихат жұмысын жүргізу» жобасын бастадық. Бұл жоба әсіресе, ауылда тұратын әйелдерге бағдарламаның артықшылықтарын түсіндіруге бағытталатын болады»,-деді ол.
Сондай-ақ, қауымдастық президентінің айтуынша, осы жобаны іске асыру үшін Қазақстан облыстарынан үш өңір таңдалып алынды.
«Біз әсіресе ауылдық жерлердегі әйелдердің осы бағдарлама туралы кеңінен білгенін қалар едік. Оларға өз кәсіптерін ашуға көмек болсын деп бизнес жоспарлар дайындауға да қол ұшын береміз. Осы жобаны іске асыру мақсатында біз Атырау, Қостанай, Алматы облыстарын таңдап алдық», - дейді ол.
Индира Қауметова
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
2020 жыл қорытындысы: Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер
-
Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды
-
Үгіт-насихат жұмыстары: кандидаттар өңірлерде бағдарламаларын таныстырды
-
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды
-
Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр
-
Сайлауалды үгіт-нсихат жұмыстары: тұрмыстық зорлық-зомбылықты тоқтату, педагогтар жалақысы, газдандыру мәселесі
-
Балалар арасында мүгедектік азайту жолдары қаралды
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары: Жұмысшылармен, кітапханашылармен, саудагерлермен кездесу
-
Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда
-
Фейк: “Қазақстанда ҰОД ұйымы жұмыс істейді»
-
Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ
-
Үгіт-насихат жұмыстары: он төртінші күннің қорытындысы

