• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылдың соңына дейін Ақмола облысында ет өнімі бағытындағы 2 шаруашылық ашылады

2013 жылдың соңына дейін Ақмола облысында ет өнімі бағытындағы 2 шаруашылық ашылады

13 Қыркүйек, 2013 14:17
Жыл соңына дейін Ақмола облысында 11 мың бас ірі қараға арналған 3 ірі бордақылау алаңы ашылады. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов мәлімдеді.

Бұдан бөлек, облыс басшысының сөзіне қарағанда, өңірде алдағы уақытта 9 тауарлы сүт фермасы ашылады.

«Жыл соңына дейін Ақмола облысында 11 мың бас ірі қараға арналған 3 ірі бордақылау алаңы ашылады. Ал жыл соңына дейін, облыс аумағында 2 ет өнімі бағытындағы шаруашылық пен бір тауарлы сүт фермасын қосу жоспарда бар. Жалпы, өңірімізде 500 басқа дейін мал бордақылауға мүмкіндік беретін14 мал шаруашылығы алаңы, 16 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар», – дейді облыс әкімі Қ. Айтмұхаметов.  

Барлық жаңалықтар