• Басты
  • Жаңалықтар
  • Инновациялық жоба Қарағанды облысындағы экологиялық мәселені шешуге мүмкіндік береді – әкім

Инновациялық жоба Қарағанды облысындағы экологиялық мәселені шешуге мүмкіндік береді – әкім

10 Қыркүйек, 2014 13:32
2011 жылдың сәуір айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Қарағанды облысында «ABsalut Ecology» ЖШС-нің дайындаған «Технологиялық газды тазарту бойынша өндірістік модуль» жобасы іске асырылуда.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, жоба ҚарМТУ-дің «Инновациялық нәтижеге бағытталған университет ғылымының мақсатты дамуы» бағдарламасы бойыншап ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан қаржыландырылуда.

Диспетчерлік басқармалы жүйеге ие М2 В30-500 газ тазалау кешенінің өнеркәсіптік үлгісі толықтай технологиялық кестеге сай №9 алаңда жөндеуден өткізілді.

«Қазіргі таңда газ тазалау кешенінің үлгісін монтаждау жұмыстары жүргізілуде, зертханалық сынақтар орындалып, компанияның сынақ полигонында 100 000 м3/с-қа дейінгі көлемдегі технологиялық газ тазалау технологиясын жетілдіру мақсатымен зерттеу жұмыстары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан бағдарлама аясында атмосфералық В-30 құрылғысы  ауаны  аэроионды бейімдеуге бағытталған.

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков компанияның сынақ зертханасында болып, жаңа технологияның жұмыс істеу барысымен танысты.

Сондай-ақ,  М2 В30-500 газ тазалау кешенінің өндірістік үлгісін қарап, осы кешен базасында инновациялық өндірістің іске қосылуы өңірдің экологиялық мәселесін шешуге мүмкіндік беретінін айтты.

Барлық жаңалықтар