Астанада ТМД елдері арасында офицерлік үшсайыстан ашық чемпионат өтеді

10 Қыркүйек, 2014 12:38
Ертең Астанада ТМД-ға қатысушы мемлекеттер достас армиялары арасында табельдік қарудан ату және офицерлік үшсайыстан ашық чемпионаттың ашылуы болады.

Қорғаныс министрлігінде хабарлағандай, достастық мемлекеттері қарулы күштері арасындағы достықты нығайту және дене даярлығы мен спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту, әскери қызметшілер арасындағы бұқаралық спортты дамыту, олардың дене даярлығы мен моральдық-психологиялық орнықтылығын арттыру чемпионаттың мақсаты болып табылады.

«Осындай іс-шаралар дене шынықтыруды насихаттауға, жоғары халықаралық дәрежедегі жауынгер-спортшыларды даярлау бойынша тәжірибе алмасуға бағытталған», - делінген хабарламада.

Чемпионатты ұйымдастырушы – Достастық мемлекеттерінің Қорғаныс министрлері кеңесі.Чемпионат 2014 жылдың 13 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Барлық жаңалықтар