- Басты
- Жаңалықтар
- С. Қайырбекова мен Франция сарапшылары Қазақстандағы денсаулық сақтау мәселесін талқылады
С. Қайырбекова мен Франция сарапшылары Қазақстандағы денсаулық сақтау мәселесін талқылады
«Кездесу барысында Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесін және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мәселелері, сондай-ақ француз компанияларының бірлескен ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстары талқыланды», - делінген хабарламада.
Қазақстан делегациясының басшысы қазіргі уақытта Министрлік медициналық сақтандыру жөніндегі үздік халықаралық тәжірибелерді және денсаулық сақтау саласындағы басқа да өзекті мәселелерді зерделеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын, бұл істе Еуропаның алдыңғы қатарлы мемлекеті ретінде Францияның тәжірибесі өте пайдалы болатынын атап өтті.
Қазақстан тарапы француз компанияларына денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуда, оның ішінде кейіннен сенімгерлік басқаруға беру арқылы медицина мекемелерін (емханаларды, ауруханаларды) салуға белсенді қатысуды ұсынды.
Кездесуге Гюстава Русси атындағы институттың (Франция) Бас директоры, профессор Александр Эггермонт да қатысты. Профессор Министрлік пен Гюстава Русси атындағы институттың диагностика және онкологиялық ауруларды емдеу саласындағы өзара іс-қимылды жоғары бағалады, сондай-ақ екі жақты тиімді және конструктивті ынтымақтастық дамитынына сенім білдірді.
Кездесу барысында «Sanofi», «Airbus Group», «Oberthur Technologies» және басқа бірқатар француз компанияларының өкілдері өзара ынтымақтастықты дамыту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады