- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында Ана мен баланы қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды
Қарағанды облысында Ана мен баланы қорғаудың өзекті мәселелері талқыланды
Облыс әкімдігі хабарлағандай, өңір басшысы ана мен баланы қорғау ел Президенті Н.Назарбаевтың ерекше қадағалауындағы денсаулық сақтауды дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылатындығын атап өтті.
«Таяуда Мемлекет басшысының өңірге жасаған жұмыс сапары барысында Елбасы Қарағанды облысындағы нәресте өлімі деңгейінің көбейгеніне тоқталды. Сол себепті біз бүгін өңірдегі осы мәселенің асқыну себептерін анықтап, оны шешу жолдарын қарастыру үшін жиналып отырмыз», - деді әкім.
Жиында болашақ аналарды ерте кезден, тіпті мектеп партасынан бастап дайындау қажеттілігі айтылды. Бұл өз кезегінде қыз балалардың денсаулықтарын жақсылап күтуінен, гигиеналық тазалыққа мән беруінен, отбасын жоспарлаудан, сырқаттардың алдын алудан бастау алу керек. Осы орайда денсаулық сақтау басқармасының білім беру басқармасымен бірлесе жұмыс істегені жөн.
Осы сынды жұмыстарды орташа кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында да қолға алу керек. ЖОО ректорлары мен колледж директорлары осы бағыттағы жұмысқа ат салысып, өз студенттеріне салауатты өмір салты тақырыбына арналған лекциялар ұйымдастырып, білім беру басқармасымен әріптестік құру керек.
Жиында медициналық мекемелердегі материалдық-техникалық базаның төмендігі де назардан тыс қалған жоқ. Өзге облыстардағы перинатальді орталықтармен салыстырғанда Қарағанды облысының деңгейі шамамен 58,3% құрайды.
«Облыс әкімі қала мен аудан әкімдеріне ана өлімінің алдын алу мен нәресте өліміне жол бермеуге бағытталған шаралар жоспарын іске асыруда денсаулық сақтау басқармасына нақты жұмыстар істетуді тапсырды. Сонымен қатар, шалғайдағы ауылдарда акушер-гинеколог пен бала дәрігерін тарту жұмыстарына да серпін беру керектігі айтылды», - делінген хабарламада.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады