- Басты
- Жаңалықтар
- «Мерейлі отбасы»: Мұнайшы Бешімовтер отбасының жалпы еңбек өтілі 777 жылды құрайды
«Мерейлі отбасы»: Мұнайшы Бешімовтер отбасының жалпы еңбек өтілі 777 жылды құрайды
35 адамнан тұратын Бешімовтердің мұнай саласындағы жалпы еңбек жолы 777 жылды құрайды.
«Менің әкем бүгінгі таңда өзінің құрметті еңбек демалысында. Қазір оның жасы 80-де. Оның өмірін бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады. Оның жастық шағы ерік пен жігерге толы, елдің қызметіне арналды. Сонымен қатар, менің атам Батыс Қазақстан өңіріндегі алғашқы мұнай кен орнын ашушы ретінде де тарихта қалған. Бұл біздің ата-бабамыздың ұрпаққа мұра етіп қалдырған кәсібі. Мен қазіргі таңда осы кәсіптің қанға сіңгенін сенімді түрде айта аламын», - дейді Наурызғали Бешімовтың ұлы Асылбек Бешімов.
Айта кету керек, Наурызғали Бешімов мұнай саласында 47 жыл еңбек етті. Қазіргі таңда зейнетте. Мұнай саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірнеше рет марапатталды. Бүгінде 2 ұл мен 2 қыз өсіріп отырған ақсақалдың қазірде 10 немересі де бар. Енді оның жолын балалары мен ер жеткен немерелері жалғастыруда.
Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» байқауының республикалық кезеңінің интерактивті дауыс беруі аяқталды, енді алдағы уақытта жеңімпаздар белгілі болмақ. Байқауға Қазақстанның әр өңірінен 16 отбасы қатысуда. Дауыс беру ғаламтор, смс хабарлама жөнелту және қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылды. «Мерейлі отбасы» байқауы отбасы құндылықтары мен неке институтының мәртебесін көтеруді мақсат еткен тұңғыш ұлттық байқау болып табылады. Байқауға еліміздің спорт, ғылым, ұстаздық пен өзге де еңбек салаларында айтарлықтай жетістікке жеткен отбасылар қатысуда.
Индира Қауметова
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады