• Басты
  • «Мерейлі отбасы»: Ахметовтардың темір жол саласындағы жалпы еңбек өтілі 1264 жылды құрайды
10 Қыркүйек, 2014 11:18

«Мерейлі отбасы»: Ахметовтардың темір жол саласындағы жалпы еңбек өтілі 1264 жылды құрайды

Астана қаласындағы Ахметовтар отбасының темір жол саласына сіңірген еңбегі мол. Әулеттің осы саладағы жалпы еңбек өтілі 1264 жылды құрайды.
«Мерейлі отбасы»: Ахметовтардың темір жол саласындағы жалпы еңбек өтілі  1264 жылды құрайды

Ахметовтар отбасында бүгінгі таңда 63 адам бар. Әулеттің отағасы Кендай Ахметов 1969 жылдан бері темір жол саласында тер төгіп келеді. Ол өзінің өмірлік жары Күләнді  осы салада жүріп жолықтырды. Бір қызығы, Күлән ананың да шыққан тегі теміржолшылар екен. Оның анасы атақты Түркісіб құрылысына қатысқан болып шықты.  

«Менің жұмыс орным электр энергиясымен  қамтамасыз етушілер әулеті. Сонымен қатар, біз станциялар мен жергілікті халықтың  жарықпен қамтылуын қамтамасыз етеміз», - дейді К.Ахметова.

Әулет мүшелері бірқатар атаққа  қол жеткізген. 40 жылда Кендай Ахметов құрметті темір жолшы, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы атағын алып, үш рет жылдың үздік жетекшісі атағын иеленді.  

Кендай Ахметов пен бәйбішесі Күлән Ахметова 4 бала өсірді. Қазіргі таңда олардан 6 немере сүйіп отырған жайы бар.

«Отбасы – өзара сыйластық пен бақыт мекені. Егер жақын туысқандардың арасында жоғары деңгейдегі махаббат болмаса, отбасының берекесі қашады», - дейді ақсақал.

Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» байқауының республикалық кезеңінің интерактивті дауыс беруі аяқталды, енді алдағы уақытта жеңімпаздар белгілі болмақ.

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен 16 отбасы қатысуда. Дауыс беру ғаламтор, смс хабарлама  жөнелту және қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылады.

«Мерейлі отбасы» байқауы отбасы құндылықтары мен неке институтының мәртебесін көтеруді мақсат еткен тұңғыш  ұлттық байқау болып табылады.

Байқауға қатысуға еліміздің спорт, ғылым, ұстаздық пен өзге де еңбек салаларында айтарлықтай жетістікке жеткен отбасылар қатысуда.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар
3.238.184.78, 192.168.88.100