• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2013 жылы ауылдық медициналық орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 18 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді

2013 жылы ауылдық медициналық орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 18 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді

13 Қыркүйек, 2013 12:47
Қазақстан Республикасында 2013 жылы ауылдық медициналық орталықтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 18 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау Министрі Салидат Қайырбекова.

«Биыл ауылдық медициналық қызмет көрсету мекемелеріне республикалық бюджеттен алғаш рет осындай қомақты қаржы бөлініп отыр. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарына 180 орталық және аудандық, 139 ауылдық учаскелік емханалар, 1460 дәрігерлік амбулаториялық және 4800 фельдшерлік-акушерлік пункттер қызмет көрестуде», - деді Министр.
Сонымен қатар ол соңғы екі жылда медициналық ЖОО бітірген 2 мыңнан астам түлектер аудандық емханаларға жұмысқа орналастырылып, 5 мыңға жуық медицина қызметкерлері қайта дайындау мен біліктілігін арттыру курстарынан өткендігін атап өтті.

Барлық жаңалықтар