Алматыда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу жұмыстары аяқталды

10 Қыркүйек, 2014 10:31
Алматыда ТМД елдері бойынша лаңкестікке қарсы бөлімше жетекшілерінің басқосуы өтті, деп хабарлады қала әкімдігінде.

Халықаралық «Жетісу-лаңкестікке қарсы-2014» ТМД елдерінің тиісті органдары өткізген оқу-жаттығу жұмыстарының аяқталуына орай өткізілген жиынға ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев, Алматы әкімі Ахметжан Есімов, ҰҚТШҰ, ЕҚЫҰ, т.б. халықаралық және аймақтық ұймдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде ядролық лаңкестікке қарсы тұру әрекеттері талқыланды. ТМД қауіпсіздігі бойынша тиісті органдар ТМД елдерінің аумағында радиоактивті материалдардың тасымалданбауын, шекара аспауына қарсы тұру мәселелерін бірігіп талқылады.

Шара соңында Алматы әкімі Ахметжан Есімов қазіргі заманда ұлттық қауіпсіздік негіздерінің сақталуы, мемлекет мүддесінің қорғалуы, бейбітшілік пен тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі өзекті тақырыпқа айналғанын атап өтті.

Оқу-жаттығу жұмыстарына ТМД бойынша 9 елден келген арнайы құқыққорғау қызметтері, сондай-ақ, бақылаушы ретінде халықаралық және аймақтық ұйымдар мүшесі қатысты. Олардың қатарында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің контрлаңкестік комитеті, ИНТЕРПОЛ, ҰҚТШҰ, ЕҚЫҰ және т.б.

Барлық жаңалықтар